Accessibility links

Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған


Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл Алматы облысында шетелдік жұмысшыларының қолымен 92 қылмыс жасалған. Олардың ішінде 8 кісі өлтіру мен 20-дан астам тонау фактілері бар. Қылмыстық жағдайды өршітіп алмау үшін облыстық полиция өз аумағын заңсыз шетел азаматтарынан тазарту операциясына кірісті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Ақпарат агенттігінің мәліметінде: «Полицияның рейдтері жұмысқа мұқтаж көпшіліктің ішінде жасырынып жүрген қылмыскерлер мен заңсыз жүрген гастарбайтерлерді анықтауға бағытталған. Рейд кезінде ұсталған кейбір шетел азаматтарының төлқұжаты да жоқ. Жалпы биыл Алматы облысының аумағына ресми түрде 110 мың шетел азаматы келіп кетіпті. Статистика көрсетіп отырғандай, олардың тек 8,5 мыңы ғана туристер. Қалғандары ресми түрде жұмыс іздеп келгендер көрінеді. Ал, «бейресми келгендерінің саны қанша?» — деген сауалға бірде-бір мемлекеттік мекеме жауап бере алмай отыр», — делінген.

XS
SM
MD
LG