Accessibility links

Қазақстанда Азия ойындарына арналған ғимараттар салына бастады


Алматы мен Астана қалаларында 2001 жылы өтетін VII қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізу мақсатына мемлекеттік бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Алдағы жылы сауықтыру орталықтарын салуға кәсіпкерлер де тартылмақ. Шаңғы-биатлон стадионы салынып жатыр, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы мен «Медеу» мұз айдыны қайта жөндеуден өткізілуде. Таулы қыраттағы шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені мен «Шымбұлақ» таулы базасы да кеңейтілуде.

2009 жылы Астанада мұз айдыны мен стадион салынып бітеді. Екі қалада да олимпиадалық қалашық пайда болады. Үш жылда 13 нысан бой көтеруі тиіс.

Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде ғимарат құрылыстарының 20 пайызы өз межесіне жетсе, 2009 жылы 40 пайыз орындалып, 2010 жылы Қазақстан қонақтарды күтуге дайын болады.

Қысқы Азия ойындарына қатысуға 45 мемлекеттен 2500 жуық спортшы ниет білдіріп отыр. Бұл тізім әлі де толыға түсуі мүмкін. 2011 жылғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі Астанада, ал салтанатты жабылу рәсімі Алматы қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG