Accessibility links

Алматылық полицейлер үйсіз офицерлерді ұстап әкетті


Бүгін Алматыда «Мекен-жайы белгісіз әскерилер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің офицерлері кезекті қарсылық акциясын өткізді. Олар Алматы гарнизоны бойынша баспана бөлетін аудандық бөлімнің алдында қарсылық акциясын өткізіп, басшылыққа өздерінің үндеулерін тапсырмақшы болды. Олардың қолында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовті әжуалаған сатиралық плакаттар да болды. Бірақ пикет өткізушілерге эксплуатациялық бөлімнің басшылары жауап берген жоқ.

Қарсылық акциясының өткізілуіне кедергі келтірмеген полицейлер, акция аяқталысымен офицерлерді ұстап алып, Алматы қаласының Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді. Полицейлер заңсыз пикет өткізгендері үшін оларға әкімшілік шараларын қолданбақшы.

XS
SM
MD
LG