Accessibility links

Үкімет тұрғын үй бағдарламасын оңтайландыруды ұсынады


Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Біз 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламадан қалғандарды 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаға ауыстырамыз. 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама бойынша кезекте тұрған адамдар Қаржы министрлігі ұсынған балл жүйесі бойынша есепке алынады. Әкімдіктерге мемлекеттік бағдарламаның қаржысы есебінен салудың орнына дайын баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған және мұның бағасы да мемлекеттік бағдарламада көрсетілгеннен жоғары емес», — деді Кәрім Мәсімов.



XS
SM
MD
LG