Accessibility links

Алматылық көрермендер «Мұстафа Шоқайды» тамашалай алады


Ертең Алматы кинотеатрларында «Мұстафа Шоқай» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі басталады, — деді журналистерге арнап өткізілген баспасөз мәслихатында «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаев.
«Мұстафа Шоқай» фильмінің сценарийін жазғандар Әкім Тарази, Ермек Тұрсынов және Сергей Бодров. Бес жыл көлемінде Франция, Чехия, Түркия мен Қазақстанда түсірілген фильмнің бюджеті 5,5 миллион долларды құрады. Фильмнің бас кейіпкері Мұстафа Шоқайдың рөлін қырғыз актері Азиз Бейшеналиев сомдаса, оның әйелі Марияның рөлінде «Мюзикола» дуэтінің әншісі Карина Абдуллина ойнады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG