Accessibility links

Түркітілдес елдер парламент төрағаларының 1-конференциясы басталады


ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, ертең Түркияның Стамбұл қаласында түркітілдес мемлекеттер парламент төрағаларының 1- конференциясы басталады. Оған қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Парламент сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев бастап барады.
«Түркітілдес елдердің парламентаралық Ассамблеясын құру және тиісті құжатқа қол қою маңызды оқиға болып табылады және бұл түркітілдес елдердің жақындасуындағы жаңа кезеңді білдіреді», — деді Е. Ашықбаев.

XS
SM
MD
LG