Accessibility links

Мемлекет басшысы шетелдік журналистерге сұхбат берді


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Норвегияның NRKхабар тарату корпорациясының және «Моргенбладет»апталық газетінің журналистері Кристиан Къелструп пен Къетил Бьорганга, сондай-ақ «Интерфакс» ақпарат агенттігіне, «Вести-24» телеарнасына және «Российская газетаға» сұхбат берді, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Н.Назарбаев норвегиялық журналистерге Қазақстан мемлекеттілігін қалаудың бірегей тәжірибесі мен Астананың ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі жайында әңгімеледі. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары, еуразиялық сәйкестілік және басқа да көптеген мәселелер қозғалды.

Ресейлік журналистерді сауда, отын-энергетикасы, атом және ғарыш салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың перспективасы қызықтырды. Қазақстанның ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететінін назарға алған ресейлік журналистер мемлекеттік жоспарларға қызығушылық танытты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG