Accessibility links

«Қалам-Қаржы — 2008» байқауы қорытындыланды


Бүгін «Альянс банк» АҚ бастамасымен «Имидж-Партнер» коммуникациялық тобының қолдау көрсетуімен екінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Қалам-Қаржы» байқауы мәресіне жетті. Осыған байланысты ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген ұйымдастырушылар қаржы нарығының дамуын қазақ тілінде үздік баяндайтын бұқаралық ақпарат құралдары арасында жеңімпаздарды марапаттады.
Аталған байқау «ҚР Қаржы нарығының дамуын баяндайтын баспасөздегі үздік жарияланым», «Үздік телерадиобағдарлама», «Үздік мерзімді басылым», «Үздік аймақтық басылым» аталымдары бойынша қорытындыланды, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да тапсырылды. Бұл байқаудың «Белсенді қатысқаны үшін» аталымына Азаттық радиосының тілшісі Нейла Сұлтан ие болды.

XS
SM
MD
LG