Accessibility links

Үндістан қарақшылардың кемесін суға батырды


Аден шығанағында Үндістанның әскери кемесі өзіне шабуыл жасаған қарақшылардың кемесін атқылап, оны суға батырды. Сейсенбі күні қарақшылар Үндістанның әскери кемесіне шабуыл жасады деп хабарланған болатын. Қазан айында Аден шығанағында Үндістан теңіз әскерилері қарақшыларға қарсы шараларын бастады. Соңғы кездері Сомали жағалауында қарақшылар сауда кемелеріне жиі шабуылдайды. Жексенбі күні қарақшылар 100 миллион долларлық мұнайды тасымалдап жатқан кемені басып алды.
XS
SM
MD
LG