Accessibility links

АҚШ қолбасшысының Ауғанстандағы бейбітшілікке қатысты жоспары бар


Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ күштерінің бас қолбасшысы елдегі зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жергілікті басшыларға көбірек билік беруге шақырды. Генерал Дэвид МакКернан өзінің Ауғанстан үкіметімен кездесуінде жергілікті көсемдерді Батыс елдері қолдап отырған Шураға немесе тайпалардың кеңесіне шақыру жөніндегі мәселені қозғайтынын айтты. МакКернан өзінің жоспарын Ирақтағы Азат ету кеңесі қозғалысына теңеді. Аталған қозғалыстың нәтижесінде Әл-Қаида бүлікшілерімен күресте Ирақтың батысындағы жергілікті суннит тайпа жетекшілері АҚШ күштерін қолдауды бастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG