Accessibility links

Ирақта күрд көтерілісшілеріне қатысты келіссөз өтеді


АҚШ пен Ирақ және Түркия елдерінің ресмилері бүгін Бағдадта кездесіп, күрд көтерілісшілеріне қарсы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келіссөздерін бастауға тиіс. Күрд көтерілісшілері Ирақ жерін пайдаланып, Түркияға шабуылдарын ұйымдастырады. Соңғы кездері Түркия солтүстік Ирақта орналасқан Күрдістан жұмысшылары партиясының жауынгерлеріне қарсы шабуылдарын күшейткен болатын. Вашингтон мен Бағдад Күрдістан жұмысшылары партиясын лаңкесттік топ деп есептейді бірақ Түркияның кең көлемді әскери шабуылдары Ирақтың солтүстігіндегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG