Accessibility links

Политковскаяның өліміне қатысты сот үдерісі ашық болмайды


Ресейде журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысты сот үдерісі жабық есік жағдайда өтеді. Бүгін сот алқасы мүшелерінің өтінішімен осындай шешім шығарылды. Төрт адам Политковскаяның өліміне қатысы бар деп айыпталып отыр. Кремлдің өткір сыншысы болған Анна Политковская 2006 жылдың күзінде Мәскеудегі пәтері жанында оққа ұшқан болатын. Прокурорлардың айтуынша, журналистті өлтірді деп күдіктелген адам Ресейден қашып кеткен, ал Политковскаяны өлтіруге тапсырыс берген адамдар анықталмады.
XS
SM
MD
LG