Accessibility links

Ереванда журналист соққыға жығылды


Арменияда зерттеуші журналист Эдик Багдасариянға шабуыл жасалды. Армян тіліндегі интернет журналын басқаратын Багдасариян дүйсенбі күні Еревандағы кеңсесінен шыққан кезде соққыға жығылған. Азат Еуропа / Азаттық радиосы армян қызметінің хабарлауынша, журналист Багдасариян ауруханаға жеткізілген. Үкіметті сынап мақала жазатын Багдасариян өзіне жасалған шабуылды кәсібімен байланыстырады. Осы жылы Арменияда журналистерге шабуылдар көбейіп кетті.
XS
SM
MD
LG