Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан үш адам қаза тапты


Батыс Қазақстан облысында автокөліктің аударылуы салдарынан үш ер адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті, — деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауданында Орал-Атырау тас жолының 314-шақырымында «Фольксваген» көлігінің аударылуының кесірінен көлікте отырған үш ер адам қаза тауып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

XS
SM
MD
LG