Accessibility links

Екі елдің білім министрліктері келісімге қол қойды


ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Румынияның Білім, зерттеулер және жастар министрлігі арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы хабарлаған ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған келісім ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Румын Сыртқы істер министрі Лазэр Команэскудің кездесуі барысында жүзеге асты.

Бұл келісім жыл сайын толық оқу курсы бойынша бакалавриат бағдарламасымен - бір адам; магистрлік бағдарламамен - екі адам; докторлық бағдарламамен - екі адам және өзара сыйластық негізде үш айдан тоғыз айға дейінгі мерзімде он адамға дейін білім алушыларды алмастыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, Румынияның бір жоғары оқу орнының жанынан қазақ тілін, әдебиетін және мәдениетін зерделейтін лекторатты, тиісінше Қазақстанның бір жоғары оқу орнының жанынан румын тілін, әдебиетін және мәдениетін зерделейтін орталықты ашуға ықпал етеді.

XS
SM
MD
LG