Accessibility links

Сомали қарақшыларына $30 млн құн төленген


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, осы жылы бірнеше жүк кемесін басып алған Сомали қарақшыларына бірнеше кемені қайтару үшін 30 млн доллар құн төленген. Бас хатшының сөзіне қарағанда, Сомали жағалауы арқылы өтер жолда қарақшылар қолына түскен жүк сататын кемелердің саны 65-ке жетті. Сомали қарақшылары Сауд Арабияның 100 млн доллар болатын мұнай шикізатын тасып бара жатқан кемесін алды деп айыпталып отыр. Және олар Украинаның қару-жарақ тиелген кемесін де басып алған. Қарақшылар Иранға астық апара жатқан гонконгтық кемені де тартып алған.
XS
SM
MD
LG