Accessibility links

Пәкістан АҚШ күштерінің зымырандық шабуылдарына қарсылық білдірді


Бүгін Пәкістан билігі Исламабадтағы АҚШ елшісін шақырып алып, содырларға қарсы жасалған зымырандық шабуылдарға наразылық білдірді. Бұл шабуылдарды аймақтағы АҚШ күштерінің пилотсыз ұшақтары жасаған, бірақ Құрама Штаттар оны сирек жағдайда мойындайды. Құрама Штаттар халықаралық күштер Ауғанстанмен шекаралас Пәкістанның солтүстік батысындағы бүлікшілерді нысанаға алып зымырандық шабуылдар жасағанын айтты. Пәкістан болса бұл шабуылдар елдің егемендігін бұзып, елдің исламшыл жауынгерлерге қарсы жасалып жатқан әрекеттерін шайқалтты деп отыр.
XS
SM
MD
LG