Accessibility links

Путин Ресей экономикасының құлауына жол бермейміз деді


Ресей премьер министрі Владимир Путин өз үкіметі Ресейде 1990 жылдарда болғандай экономикалық дағдарысқа жол бермейтінін айтты. Путин бұл уәдесін өзінің Единая Россия партиясының құрылтайындағы сөзінде мәлімдеді. Ол Ресей ғаламдық дағдарысқа тосқауыл қою үшін шетел валютасы мен алтын қорын мықтап алды деді. Премьер министрдің сөзіне қарағанда, Ресейде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға көмектесетін жеткілікті қорлар бар. Сонымен қатар Ресей ғаламдық қаржы дағдарысы кезінде кедей елдерге көмек ретінде Халықаралық Валюта қорына 1 млд доллар бергенін айтты Владимир Путин.

XS
SM
MD
LG