Accessibility links

Хельсинки комитеті Түркіменстанды диссидентті босатуға шақырды


Адам құқықтары жөніндегі норвегиялық Хельсинки комитеті түркімен диссиденті Гүлгелді Аннаниязовты түрмеден босатуды талап етіп отыр. Өткен айда Норвегияда босқын мәртебесін алған Аннаниязов Түркіменстанға заңсыз құжатпен кірген деп айыпталып, 11 жылға абақтыға жабылды.

Хельсинки комитетінің өкілі Азаттықтың түркімен қызметіне берген сұхбатында, комитет Түркімен ресмилерінен Аннаниязовқа тағылған айып пен оның қазіргі денсаулық жағдайы туралы мәлімет беруді сұраған еді, бірақ осы уақытқа дейін еш жауап келмеді деді.
XS
SM
MD
LG