Accessibility links

Франциялық компания жүрдек теміржол қатынасын жүзеге асырмақ


Францияның «ALSTOM» компаниясы Қазақстанда Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді, — деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек пен «ALSTOM» француз компаниясы өкілдерінің қатысуымен өткізілген кеңесте аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау туралы келісім жасалды. Егер бұл жоба жүзеге асырылып, жүрдек теміржол қатынасы іске қосылса, Астанадан Алматыға пойызбен 4 сағатта жетуге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG