Accessibility links

Көлік апатынан Алматы мен Қарағандыда үш адам қаза болды


Алматы және Қарағанды облыстарында жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам қаза тауып, тоғыз адам ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ ақпаратынша, Алматы облысының Талғар ауданында Алматы – Көкпек – Төңкеріс тас жолының 8-шақырымында «ВАЗ-2106» және «ВАЗ-2109» көліктері соқтығысып қалып, соның кесірінен «ВАЗ-2106»-ның 52 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмып, «ВАЗ-2109»-дың жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге Қарағанды облысы Шет ауданының Ақшатау ауылында Екатеринбург – Алматы тас жолының 1707-шақырымында 13 жолаушысы бар «ГАЗель» көлігі аударылып, 43 және 53 жастағы екі жолаушы қаза тапты, қалған алты жолаушы ауруханаға жатқызылды, бұлардың бәрі Тәжікстан азаматтары екен.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG