Accessibility links

Алматыда жеті жасар бала топырақ үйіндісінің астында қалып қаза тапты


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда «Алматы» ЖШС құрылыс жүргізіп жатқан бір жолайрығында жеті жасар бала топырақ үйіндісінің астында қалып қаза тапты.
ТЖМ мәліметінше, қазып тасталған кәріздік коллектордың маңында ойнап жүрген бала шұңқырға ойыншығын алуға түскен кезде опырылып түскен топырақтың астында қалып қойған. Баланың денесін топырақтың астынан құтқарушылар қазып алып шықты.

XS
SM
MD
LG