Accessibility links

Семейде жолақы арзандады


Бұл туралы хабарлаған «Қазақстан Бүгіннің» ақпаратына сәйкес, 24-қарашадан бастап Семейдегі «Такси паркі» ЖШС қызмет көрсететін 9 бағытта жүру жолақысы 40 теңгенің орнына 35 теңге болмақ.

Семейдегі қоғамдық көлік жолақысының төмендеуі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергеневтің : «Тасымалдаушылар биыл тарифті 15 теңгеге көтерді. Бірақ сіздер бағаны дизельдік отын мен жанармай 110 - 130 теңге тұрған кезде көтердіңіздер. Ал қазір АИ-80 жанармайы 60 теңге тұрады. Сіздерге бір апта уақыт беремін - бағаны жанармай бағасына сай төмендетіңіздер», — деген талабының нәтижесінде іске асып отыр.

XS
SM
MD
LG