Accessibility links

Қарағандының бір қоймасынан 11 жәшік капсула-детонаторлар жоғалды


Қарағанды облысындағы «Вертекс-Инициатив» ЖШС-нің қоймасынан 11 жәшік, 22 мың дана капсула-детонаторлар жоғалып кетті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖМ-не Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында «Вертекс-Инициатив» ЖШС-нің өкілі қоймадан аталған заттардың жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Бұл іс бойынша жедел тергеу жұмыстары жүргізілуде.

XS
SM
MD
LG