Қорғаныс министрі Роберт Гейтстің мәлімдеуінше, 2009 жылы АҚШ Ауғанстанға қосымша мыңдаған сарбазын жіберуді жоспарлап отыр. Әскерилерді көбейту шарасы Ауғанстанда келесі күзге жоспарланған ұлттық сайлаулардың сәтті өтуіне кепілдік беру үшін жасалмақшы. Ауғанстанда әскерилері бар елдердің қорғаныс ресмилері Канадада бас қосты. Осы жиында сөйлеген сөзінде Роберт Гейтс қосымша АҚШ күштері қаңтар айында орналастырылмақшы деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?