Accessibility links

Лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған кісі Пәкістанда өлтірілді


Пәкістаннан келіп түскен хабарларға қарағанда, елдің солтүстік-батысында орын алған әуе шабуылынан исламшыл жауынгер Рашид Рауф қаза болған. Пәкістан текті Британия азаматы Рауфқа 2006 жылы Лондоннан АҚШ-қа қарай аттанған ұшақтарды жарып жіберуді жоспарлады деген айып тағылған болатын. Рашид Рауф 2006 жылдың тамыз айында Пәкістанда тұтқындалды, бірақ ол өткен желтоқсан айында абақтыдан қашып кетті. Бүгін Ауғанстанмен арадағы Солтүстік Вазиристан аймағында жасалған зымыран шабуылынан сондай-ақ кемінде 3 адам қаза тапты деп хабарланып отыр. Бұл шабуылды АҚШ әскерилері жүзеге асырды деген күдік айтылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG