Accessibility links

Обама: АҚШ-та миллиондаған жұмыс орны құрылуы тиіс


Жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обама экономикалық мәселелер бойынша өзінің командасын елдің экономикасын қайта қалпына келтіруге бағытталған жоспарды жасауға шақырды. Оған сәйкес, алдағы екі жылдың ішінде 2,5 миллион жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс, деп мәлімдеді Обама. Оның айтуынша, егер тезарада әрекет жасалмаса, келесі жылы АҚШ-та миллиондаған жұмыс орны қысқартылуы мүмкін. Барак Обама АҚШ Орталық банкінің Нью-Йорктегі филиалының басшысы Тимоти Гейтнерді елдің қаржы министрі етіп тағайындауы мүмкін деген хабарлардан кейін, жұма күні АҚШ қор биржаларындағы көрсеткіштер өскен болатын.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG