Accessibility links

Буш пен Медведев Лимада кездесті


АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Дмитрий Медведев сенбі күні Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы барысында кездесті. Бұл қаңтар айында қызметінен кететін Буштың Медведевпен соңғы кездесуі болса керек. Перу астанасы Лимада журналистердің алдында сөйлеген сөзінде екі ел президенті Буштың сегізжылдық билігі кезінде АҚШ пен Ресей арасында бірқатар келісімдер мен келіспеушіліктер де болды деп мәлімдеді. Алайда президент Буш Вашингтонның Мәскеумен қарым-қатынасын “ашық” етуге әрекет жасағанын айтты. Ал Медведевтің мәлімдеуінше, айырмашылықтарға қарамастан екі жақ жалпы бірге жақсы жұмыс атқарған.
XS
SM
MD
LG