Accessibility links

Эр-Рияд Мулла Омарға саяси баспана ұсынбағанын айтты


Патша Абдулла Ауғанстандағы Талибан жетекшісі Мулла Мохаммад Омарға саяси баспана ұсынды деген хабарды Сауд Арабиясының үкіметі жоққа шығарды. Мемлекеттік баспасөз агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабия сыртқы істер министрлігі Германияның "Der Spiegel" басылымында жарық көрген бұл ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды деген. Аталған германиялық басылым Ауғанстан астанасы Кабулдағы үкімет бұлақтарына сілтеме жасап, президент Хамид Қарзай мен АҚШ президенті Джордж Буш Сауд Арабиясының Талибан басшысына саяси баспана ұсынуын қолдады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG