Accessibility links

Жапония Ресеймен арадағы жер дауын шешкісі келеді


Ресми Токио Ресеймен арадағы даулы аймақтарға байланысты мәселе шешіледі деп үміттенеді. Бұл жөнінде Жапония премьер-министрі Таро Асо Ресей президенті Дмитрий Медведевпен өткізген келіссөзінде айтты. Екі ел басшылары Перу астанасы Лимада өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы форумында кездесті. Бұл мәселенің шешілмеуі аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырады, деп мәлімдеді Асо. Ал Медведев шешілмейтін проблемалар жоқ, осы мәселеге байланысты екі ел ресмилері келіссөздерін жалғастыруы тиіс деп атап көрсетті. Куриль аралдарын Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяғында Қызыл армия басып алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG