Accessibility links

Косовода тұтқындалған германиялықтар әлі абақтыда


Өткен аптада Косовода ұсталған Германияның 3 азаматы тағы бір ай уақыт абақтыда болады. Бұл азаматтарға Приштинадағы жарылысқа қатысы бар деген айып тағылып отыр. Жарылыс қарашаның 14-де Еуропа Одағының кеңселері жанында орын алды, адам шығыны болмады. Әлгі күдіктілерге лаңкестікке қатысты айыптар тағылуы мүмкін деп хабарланып отыр. Тұтқындалған азаматтар Германия барлау агенттігінің қызметкерлері болып табылады деген болжамға байланысты Германия билігі пікір білдірмеді.
XS
SM
MD
LG