Accessibility links

Алматы мен Маңғыстауда екі адам көлік апатынан қаза болды


Алматы мен Маңғыстау облыстарында жол-көлік апаттарының кесірінен екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы облысының Талғар ауданында Талғар - Береке – «Ақбұлақ» шипажайы тас жолында «Тойота» және «Фольксваген» көліктері соқтығысып, апат салдарынан «Фольксваген» көлігінің 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, «Фольксвагеннің» 22 жастағы жүргізушісі мен «Тойота» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жаңаөзен - Ақтау тас жолында «Краз» көлігі мен «Тойота» соқтығысып қалып, «Тойота» көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 44 жастағы жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG