Accessibility links

Медицина университетінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жетекшілері білім алған


С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жетекшілері мен белсенділері білім алған, — деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Ж.Түймебаевтің мәлімдеуінше, C.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде ұлтаралық негіздегі шиеленістер шығуға біршама алғышарттар бар. Ол тұрғылықты халық пен түрік, шешен-ингуш және ұйғыр диаспораларының студенттері арасында байқалуда. Осы университетте 2000 - 2007 жылдары«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан.

XS
SM
MD
LG