Accessibility links

Қазақстан хабар таратуда сандық жүйеге көшеді


Қазақстан 2009 жылы телехабарларды таратудың сандық жүйесіне көшеді, — деп мәлім етті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның сандық жүйе бойынша хабар таратуға көшуі үшін тиісті қаражат алдағы жылдың бюджетінен қарастырылған.

«Министрлік тарапынан Қазақстанда телехабар таратуды сандық жүйеге көшіру туралы 2011 жылға дейінгі нақты бағдарлама әзірленді. Сол бағдарламаға сәйкес, келесі жылы Қазақстанның бір өңірі тұтастай сандық телеарнаға көшірілетін болады. Сонымен бірге, үш жылға жоспарланған бағдарлама бойынша 2011 жылға дейін республикамыздың 40 пайызға жуық өңірінде сандық телеарна жұмыс істейтін болады. Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді», — деді М. Құл-Мұхаммед.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG