Accessibility links

Астанада су құбырлары жарылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде диаметрі 150 миллиметр су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалған.

Сондай-ақ Астананың №2 ықшамауданындағы диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 «а» ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды.

Жарылған су құбырларын жөндеу жұмыстарымен «АстанаСуАрнасы» ҚКК апаттық тобы айналысуда.

XS
SM
MD
LG