Accessibility links

Қазақстан-Қытай компаниясының кеңсесіне шабуыл жасалды


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Газ құбырлары» Қазақстан-Қытай компаниясының кеңсесіне басып кірген қарақшылар кеңседе қонып қалған екі қытайлық азаматшаның ноутбуктары мен ұялы телефондарын тартып алған. Олардан сейфтің кілтін алып, бухгалтерияға кірген ұрылар 3,5 млн теңге мен 20 мың доллар ақшаны алып кеткен.
Бұл туралы хабарлаған Алматы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қарақшылық шабуылды ашу үшін іздестіру тобы жұмысқа кірісті.



XS
SM
MD
LG