Accessibility links

ТМД елдерінің көші-қон құжаттары қаралуда


Бүгін Минскідегі ТМД Атқару комитетінде Достастық елдерінің көші-қон органдары енгізген құжаттар жобасын қарау жөніндегі сарапшылар мәжілісі басталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сарапшылар ТМД мемлекеттерінің көші-қон саясаты туралы декларациясына енгізілген қағидаларды жүзеге асыру жоспарының жобасын талқылайды. Сондай-ақ Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерту енгізу мәселесі де қаралады.

XS
SM
MD
LG