Accessibility links

№ 1 террористің көлік жүргізушісі еліне оралады


Усама бин Ладиннің бұрынғы автокөлік жүргізушісі Салим Хамдан Куба аралындағы Гуантанамо соғыс базасындағы түрмеден босатылуға тиіс.
АҚШ шенеунектері хабарлағандай, Салим Хамдан өзінің қалған жазасын туған елі Йеменнің түрмесінде өтейді.
Өткен тамыз айында Хамдан – террористік Әл-Қаида ұйымына көмектескені үшін 5.5 жылға кесілген болатын. Бұл Гуантанамода отырған күдіктілердің ісі бойынша бірінші сот болды.
Салим Хамдан – Гуантанамода 5 жылдан ұзақ отырды. Жазасын өтеп болған соң ол қаңтар айында бостандыққа шығады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG