Accessibility links

Британ министрі Кабулда ауған президентімен келіссөз өткізді


Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд аяқастынан Кабулға келді. Кабулда ол ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөз өткізді. Әңгіменің не жөнінде болғаны хабарланбады.
Ауғанстандағы халықаралық күштердің құрамында Ұлыбританияның 8 мыңға жуық жауынгері қызмет атқарады. Британ әскерінің басым бөлігі Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптерге қарсы соғыс қимылдаына қатысады.
Өткен дүйсенбі күні Гильменд облысында 1 британ жауынгері минаға жарылып көз жұмды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG