Accessibility links

Ең дамыған елдер ең ауыр дағдарысты бастан кешуде


Әлемнің дамыған елдері соңғы 30 жыл ішіндегі ең терең дағдарысты бастан кешу үстінде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы осылай деп мәлімдеді. Ұйымның жорамалына сәйкес, осы құрылымға мүше елдердің Жалпы ішкі өнімінің көлемі 2009 жылы орта есеппен 0.4 пайызға төмендейді. Оған қоса жұмыссыздық та күрт өседі.
Осы болжамға сәйкес, ең үлкен ауыртпалықты Ұлыбритания, Мажарстан және Түркия сезетін болады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін 30 мемлекеттің үлесіне бүкіл әлемнің жалпы ішкі өнімінің 60 пайызы жатады.
XS
SM
MD
LG