Accessibility links

ЕуроКомиссия Болгарияны қаржылай көмегінен айырды


Еуропа Комиссиясы Болгарияның ЕуроОдақтың қорынан 220 млн. еуро қаржы алу құқынан айрылғанын жариялады. Өйткені, сыбайласқан жемқорлыққа қарсы тегеурінді шара қабылдамады.
Өткен шілде айында ЕуроКомиссия Болгарияға инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруына қажетті 800 млн. еуродан астам қаржыны бөлуді кейінге қалдырған болатын. Ол қаржыны талан-таражға сала ма деп сескенді.
ЕуроКомиссияның өкілі атап көрсеткендей, сол уақыттан бері болгар үкіметінің жемқорлыққа қарсы қабылдаған іс-шаралары мардымсыз болды.
XS
SM
MD
LG