Accessibility links

Политковскаяның өліміне қатысты істі қарайтын сот үзіліске кетті


Журналист Анна Политковскаяны өлтірген істі қарайтын сот сәрсенбіге дейін үзіліс жариялады. Біздің Мәскеудегі тілшіміз хабарлағандай, айыптаушы жақ “бейтарап қарамайды” деген уәжбен судьяны істен аластатуды талап етті.
Сот мәжілісі бүгін ғана ашық түрде өте бастады. Істі қарауды шұғыл қайта жалғастырған Мәскеу аймақтық әскери соты осындай шешімге келді. Соттың 19 қарашадағы бірінші отырысында судья алқа мүшелерінің көзқарасын сылтау етіп, отырыстың жабық өтетінін жариялаған болатын. Соттың ашық өтуін адвокаттар талап етті.
Сотқа 4 күдікті тартылып отыр. Оларға кісі өлтіруге қатысы бар деген айып тағылды. Анна Политковскаяны 2006 жылдың 7 қазанында Мәскеудегі өз үйінің кіре-берісінде атып кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG