Accessibility links

Қазақстан - Венгрия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді


Ертең Астанада Қазақстан - Венгрия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді, — деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Қазақстан мен Венгрия арасындағы индустриялық-инновациялық және ғылыми ынтымақтастық, денсаулық сақтау, энергетика, ауылшаруашылығы, транспорт және логистика, білім беру, туризм және спорт, шағын және орта бизнесті дамыту салаларындағы ынтымақтастық жайы талқыланады. Сонымен бірге, Қазақстан - Венгрия іскерлік кеңесі мен бірлескен инвестициялық қор құру жайы қаралады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG