Accessibility links

Діни сенім бостандығы туралы заң жобасы қабылданды


Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісіп, қабылданды деп танылған заң жобасы президенттің қол қоюына жолданды.

Депутаттар бастамашы болған бұл заң жобасы мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындап отыр.

Парламент депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» заңдарға толықтырулар енгізуді ұсынды.
XS
SM
MD
LG