Accessibility links

Байқоңырдан «Прогресс М-01М» жүк тасымалдаушы кемесі ұшырылады


Бүгін Байқоңырдан Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен «Прогресс М-01М» жүк тасымалдаушы кемесі ұшырылады.
«Прогресс М-01М» жаңа, 400-сериялы «Прогресске» жатады. Бұл аталған серияның алғашқы ұшырылымы. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.

Аталмыш жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар сияқты жалпы салмағы 2,5 тонна жүк жеткізеді.

XS
SM
MD
LG