Accessibility links

Кремль Грузиямен жасалған бітім шарттарын орындамауда


Грузиямен бітімге келу туралы келісімнің шарттарын Ресей әлі де толық орындамай отыр. Сейсенбі күні “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың жоғары мәртебелі дипломаты Мэттью Брыза осылай деп мәлімдеді.
Мемлекеттік департаментте Еуразия елдерімен арадағы байланысқа жауап беретін Брызаның сөзіне қарағанда, өз әскерлерін тамыз айындағы қарулы қақтығысқа дейінгі шептеріне шегіндіру туралы талапты Мәскеу әлі де толық орындаған жоқ. АҚШ дипломатының пікірінше, Ресейге қатысты саясатын қалыптастырып жатқан Еуропа елдері осы жайтты ұмытпауға тиіс.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG