Accessibility links

Тайландта кезектен тыс сайлау өтуі мүмкін


Тайланд қарулы күштерінің Бас қолбасшысы, генерал Анупонг Паочинда парламент пен үкіметті таратуға және кезектен тыс сайлау тағайындауға шақырды.
Сәрсенбі күні өткізген баспасөз-маслихатында генерал Паочинда оппозициядан да халықаралық әуежайдың ғимаратын босатып, наразылық ереуілін доғаруды талап етті.
Тайландтағы ахуал үкіметтің тарауын талап еткен оппозицияның Бангкоктағы халықаралық әуежайды бөгеп алған сейсенбі күні күрт ушықты. Әуежай жабылып, 100-деген шетелдік турист елден ұшып шыға алмай отыр.
Сәрсенбі күні таңертең оппозиция көсемдері ресми биліктің келіссөзге шақырған ұсынысын қабылдамады.
XS
SM
MD
LG