Accessibility links

Алматыда жаңа туған нәресте қасақана өлтірілді


Алматы қалалық ІІД-нің хабарлауынша, Алматыда жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тамағынан бауыздап өлтірілген жаңа туған баланың мәйіті Алматының Медеу ауданы Қармысов көшесіндегі жеке меншік үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырынан табылыпты. Медеу АІІБ тергеушілері өлтірілген ұл баланың тұрғылықты жері жоқ, жұмыс істемейтін 34 жастағы шешесін күдікті деп танып отыр.

Қазір баланың шешесі босанғаннан кейін пайда болған ауыр дерттің салдарынан қаладағы №1 ауруханаға жатқызылып, палатасының жанына күзет қойылған.

ІІД-нің мәліметінше, күдікті өз баласын өлтіруге «мұқтаждық итермеледі, баланың кедейлікте өмір сүргенше өлгені артық», — деп жауап берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG