Accessibility links

Әдебиет пен өнер саласына Мемлекеттік сыйлық берілетін болды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Сонымен Президент жарлығы бойынша, биылғы Мемлекеттік сыйлықтың иелері төмендегіше анықталды:

2004-2007 жылдардағы концерттік бағдарламалары үшін әнші Майра Мұхамедқызы; Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін жоба жетекшісі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков; бас сәулетші Сәрсембек Ендібайұлы Жүнісов; сәулетші Баир Фарденұлы Досмағамбетов; сәулетші Александр Якубович Белович; сәулетші Николай Васильевич Борискин.



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG