Accessibility links

Жарылғыш зат туралы ақпарат жалған боп шықты


Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне бір университеттің ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмалы ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан Алматы технологиялық университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы түскен жасырын ақпарат бойынша, ғимаратқа тексеру жасалынып, 2700 адам сыртқа шығарылды. Тексеру шаралары барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG